Алматы қаласының Түрксіб ауданында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына жеткен соң өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Үш тізелі баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттан 3 азамат құтқарылды.
МӨСБ-4 бөлімшесінің командирі Фархат Ушуров жанып, отқа оранған пәтерден 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматты құтқарды.
Аумағы 25 шаршы метр болған өрт сағат 08:47-де сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу