Алматыда тұрғын үйді бұзу шығындары құрылыс құнынан асып түскен

528

Алматыда жарамсыз деп танылған көпқабатты екі тұрғын үйді бұзу - оның құрылысының құнынан әлдеқайда қымбат болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда тұрғын үйді бұзу шығындары құрылыс құнынан асып түскен Фото: ernur.kz

Ғимараттарды бұзу үшін 2 миллиард 766 миллион теңге жұмсалады. Қазір әкімдіктен осы мақсатта бір жарым миллиард теңге бөлінген. Он жыл бұрын аталмыш нысандарды салуға 600 миллион теңге қаражат қарастырылған екен.

Еске сала кетейік, Зерделі ықшам ауданындағы тоғыз қабатты баспаналар көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға беріледі деп жоспарланған. Құрылыс басталған соң екі жылдан кейін аталмыш үйлер қисайып, жарамсыз деп танылды.

"Тоғыз қабатты үйді 5 этажға дейін алмазды бурениемен, сосын тұрғын үй кешені дейміз, көп адамдық тұрғын үй кешені болғаннан кейін бетонды шығару өте қымбат. Сол себепті 2,7 миллиардқа жобалық сметасы берілді", - дейді қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдар Нұрғожаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу