Алматыда тұрғын үйдің автотұрағындағы екі көлік өртеніп кетті

129

Оқиға түнгі уақытта болған.

Алматыда тұрғын үйдің автотұрағындағы екі көлік өртеніп кетті Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда көпқабатты үйдің автотұрағында екі жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жағдайға Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.

03.09.24, 00:59-да өрт сөндірушілер Е.Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің паркингінде 10 шаршы метр аумақты қамтыған 2 автокөліктің отқа оранғанын анықтап, өртті өшірді. Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеді, - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу