Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде туысқанын өлтіріп қойған әйел ұсталды

194

Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды.

Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде туысқанын өлтіріп қойған әйел ұсталды Фото: canva.com

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Бұл қылмыс "ізін суытпай" ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен полиция экипажы әйел адамды ұстады. Ол қайтыс болған ер адамның туысы. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлары анықталуда", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кеткен жөн, ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу