Алматыда тұрғын үйге жапсарлас салынған нысан сот шешімімен бұзылды

Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.  

Алматыда тұрғын үйге жапсарлас салынған нысан сот шешімімен бұзылды Фото: Қала құрылысын бақылау басқармасы

Мәуленов көшесіндегі 96\77 үйге екі қабатты қосалқы ғимарат рұқсатсыз салынған.

Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша, құрылыс белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалаусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған болатын.

Алмалы аудандық соты әкімшіліктің талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен жапсарлас нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу