Алматыда тұрғындар педофил деген күдіктіні ұстады

518

Күдіктінің ұсталғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

Алматыда тұрғындар педофил деген күдіктіні ұстады Фото: inbusiness.kz

Алматыда көшеде өтіп бара жатқан жүргіншілер кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған ер адамды ұстауға көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Педофил деген күдіктінің ұсталған сәті туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода оқиғаның Алмалы ауданында болғаны айтылады. 

Полиция департаменті аталған дерек Алмалы аудандық ПБ-де тіркеп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Ұсталған азамат жауапкершілікке тартылды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", деді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу