Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды

414

Құрылыс осы жылдың 2-тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды.

Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды Фото: Алматы әкімдігі

Рысқұлов даңғылының бойында "Парасат" тұрғын үй кешенінің жанында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Тұрғындар Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде жаяу жүргіншілер көпірін орнатуды сұраған.

Құрылыс осы жылдың 2-тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды. Жаяу жүргіншілер өткелі барлық талап пен стандартқа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып салынған. Жаяу жүргіншілер көпірі көтергіш құрылғымен жабдықталып, тактильді тақталар орнатылған.

Металл конструкциясына берік болат пайдаланылған, бұл сейсмикалық жағдайда бүкіл құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Рысқұлов даңғылындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі қауіпсіз орынмен қатар, барлық санатты халық үшін ыңғайлы әрі жайлы орынға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу