Алматыда тұрғындардың ұсынысы бойынша Ганди атындағы саябақ абаттандырылады

330

Бұл жұмыстар "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жүзеге асырылмақ.

Алматыда тұрғындардың ұсынысы бойынша Ганди атындағы саябақ абаттандырылады Фото: Әкімдік

Ерболат Досаев Ганди атындағы саябақтағы жөндеу жұмыстарын тексерді. Қала басшысы "Халық қатысатын бюджет" аясында қолға алынған саябақтағы абаттандыру жұмысының барысын қадағалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жамбыл – Жароков – Шевченко – Гагарин көшелерінің аумағындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықты реттеу, жол төсемін қалпына келтіру және ойын алаңдарын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Олар үшін Ганди саябағы бос уақыт өткізуге, демалуға таптырмас басты орын.

Саябаққа күн сайын 2 мыңнан астам адам келеді. Ойын алаңдары мен воркаутты жаңарту, демалыс аймақтарын, саябақта жүгіру жолдарын жасау жөніндегі ұсыныстарды "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасында дауыс беру кезеңінде қала тұрғындары белсенді қолдады.

Саябаққа барған кезде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев қала басшысына жұмыстың үш бағытта жүргізілгені туралы баяндады. 80%-ға саябақта көгалдандыру бойынша міндеттер орындалды, кабельдік желінің және жарықтандыру тіректерінің зақымдануын ауыстыру аяқталып келеді. Абаттандыру жұмыстарының дайындығы 90%: саябақта әткеншегі бар 17 пергола, жарық тартылған 6 беседка, 3 шахмат үстелі, 5 ауыз су бұрқағы орнатылған. Сонымен қатар, аудан әкімінің айтуынша, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін иттермен серуендеуге арналған аймақ жасалды. Саябақтағы жұмысты осы жылдың 15 қарашасында толық аяқтау жоспарланып отыр.

Ендігі кезекте Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткіші бар скверлер, Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының және Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жанындағы субұрқақты реконструкциялау жұмыстары жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу