Алматыда тұрғындарға ыңғайлы жаңа баспалдақтар салынды

82

Медеу ауданындағы өздігінен пайда болған соқпақтардың орнына баспалдақтар салынды.  

Алматыда тұрғындарға ыңғайлы жаңа баспалдақтар салынды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматының Медеу ауданында "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында жаяу жүргіншілерге арналған бағыттар абаттандырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер бедері ескеріліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруы үшін өздігінен пайда болған соқпақтардың орнына жаңа баспалдақтар салынды.

Атап айтқанда, Сұлусай шағынауданында ұзындығы 120 метр металл баспалдақ орнатылды. Әл-Фараби даңғылында екі жағынан жалпы ұзындығы 200 метр болатын баспалдақтар жасалды. Ал Роза Бағланова көшесінде шамамен 40 метрлік баспалдақ салынды.

Бұдан бөлек, Шығыс айналма автомобиль жолының бойындағы және оның Диваев көшесімен қиылысындағы қолданыстағы баспалдақтар жөнделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу