Алматыда Тұрғыт Озал көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады

477

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Алматыда Тұрғыт Озал көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, биылғы жоспарға Тұрғыт Озал көшесінің Төле би көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1,8 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын.

22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін Тұрғыт Озал көшесінің Төле би көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу