Алматыда турист әйелге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған

150

Оқиғаға Қазақстанға бір күн бұрын келген шетелдік туристің қатысы бар екені анықталды.

Алматыда турист әйелге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған Фото: canva

Алматыдағы Терренкур аллеясында ер адам бейтаныс әйелдің бөксесіне қол жүгірткен. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар полиция шетел азаматының Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін материалдарды сотқа жолдады.

"Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың құқығына қол сұғатын кез келген әрекетке заң аясында баға беріледі", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу