Алматыда турист көшкін кезінде қар астында қалып қаза тапты

152

Қар құрсауында қалған туристің беруі өздігінше шығып кетті.  

Алматыда турист көшкін кезінде қар астында қалып қаза тапты Фото: Бейнежазбадан

Алматыда Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте екі турист қар астында калып қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, “Барыс” қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді", – деп жазды Төтенше жағдайлар департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу