Алматыда турист жартастан құлап кетті

1051

Республикалық жедел құтқару тобы ер адамды Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңына дейін эвакуациялап, оны медицина және апат орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Алматыда турист жартастан құлап кетті

Құтқарушылар Үлкен Алматы шыңы маңында жартастан құлаған туристі эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зардап шеккендер туралы ақпарат республикалық жедел құтқару тобына 11 қыркүйекте түскен. ТЖД кезекшісінің айтуынша, Үлкен Алматы шыңы маңында турист жартастан құлап, екі аяғын жарақаттап алған. Арнайы топ оқиға орнына шұғыл аттанып, көлікпен космостанцияға жетеді, кейін жаяу жүрген.

Біраз уақыттан соң ер адамды құтқару үшін тағы бір жедел топты тарту туралы шешім қабылданған. Олар Проходное шатқалы арқылы оқиға орнына барған.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды таңғы 5-ке қарай жартас маңынан тапқан. Олардың айтуынша, жарақат алған туристің жанында тағы екі адам болыпты. Үлкен Алматы шыңын бетке алған туристер түнге дейін межелі жерге жете алмайтынын түсініп, жол қысқартпақ болған. Осылайша белгісіз сүрлеуге түскен, жол жартасқа апарып тірейді, осылайша үшеуінің бірі мертіккен.

Құтқарушылар жеткен бойда алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Құтқару операциясын күрделі таулы рельефтен басқа ауа-райы қиындатқан: қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауған. Ер адамды зембілге салып, ұзақ алып жүру мүмкін болмады. Себебі, оның жағдайы күрт нашарлауы мүмкін еді. Сондықтан оқиға орнына "Қазавиақұтқарудың" тікұшағын шақыту туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу