Алматыда туристерді тарту үшін Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластері құрылады

2023 жылдың 9 айында Алматыда туристер саны 17,4%-ға өсіп,1,5 млн адамнан асты. 

Алматыда туристерді тарту үшін Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластері құрылады Фото: Inbusiness.kz

Соның ішінде шетелдік туристер – 1,5 есе. 2023 жылдың соңына дейін туристердің саны 2 млн.адамға дейін артады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Астанада өткен брифинг барысында айтты.

"Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін туризмді дамыту үлкен рөл атқарады. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматы агломерациясы шеңберінде Тургеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды. Туристердің қызығушылығын ояту үшін 6 орын мен тартымды жерді қосу көзделеді. Бұл Қаскелең мен Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ-бұлақ", – деп жоспарларымен бөлісті Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу