Алматының туристік әлеуетін дамыту бойынша жұмыс шеңберінде 2023 жылы сала қызметкерлері ағылшын тілі және қонақжайлылық негіздерін оқытудан өтеді.
Олардың ішінде көлік тораптары қызметінің қызметкерлері (шекара қызметі, кедендік бақылау қызметі, тексеру қызметі және т.б.) және туристермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын сала мамандары (экскурсоводтар, гидтер, нұсқаушылар) бар.
"Алматыда туристік ағынның өсуі байқалады. Қала туралы жағымды тәжірибені сақтау үшін Алматы қаласы Туризм басқармасы сала мамандарының тегін курстарында ағылшын тілін оқыту бойынша жоба дайындады. Біз курстарды қазан айында бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл ұсынысты туризм саласының сарапшылары бірнеше рет айтқан болатын, Алматы қаласының Туризм басқармасы биылдан бастап аталған жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады", ― деп хабарлады Алматы қаласының Туризм басқармасы.
Бұдан басқа, қалада "Kazakh Tourism "ҰК"" АҚ — мен бірлесіп туристік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған және үш негізгі бағытта-туроператорлық қызмет, орналастыру орындары және тамақтану пункттерінде жүзеге асырылатын "Сапа белгісі" бағдарламасы іске асырылуда. "Сапа белгісі" ұлттық стандарттарға негізделген бағдарлама талаптарына сәйкес келетін ұйымдарға беріледі. Келесі кезеңде Recommended by Visit Almaty өңірлік стандартын енгізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Алматыда туристік ағын белсенді түрде өсе бастады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қала 452 мыңнан астам адамды қабылдады, оның ішінде: 118 мыңнан астамы – шетелдіктер, 333 мыңы – ішкі туристер. Туристік әлеуетті кеңейту үшін басым міндеттердің бірі — Алматы қонақтары үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Мамандардың болжамы бойынша, 2025 жылы Алматыға келетін шетелдік туристер саны 450 мыңнан 600 мың адамға дейін өседі.