Алматыда туристік ұйымдар Универсиада нысандарымен танысты

1119

Алматыда туристік ұйымдар Универсиада нысандарымен танысты

Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 дерекциясы Қазақстан туристік қауымдастығымен бірге Универсиада  нысандарында ақпараттық тур өткізіп жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Ақпараттық тур кезінде 13-14 желтоқсанда туристік агенттік өкілі сегіз спорт нысанына, нақтырақ айтқанда, Дүниежүзілік қысқы Универсиада жарыс аясында өтетін  "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты, "Медеу" спорт кешені, "Сұңқар" халықаралық шаңғы-трамплин кешені, Балуан Шолақ атындағы  Спорт және мәдениет сарайы, "Алатау" шаңғы және биатлон кешені, "Табаған" спорт-ойын-сауық кешені, "Алматы Арена", "Халық Арена" мұз сарайына барады. 

"Универсиаданың өтуіне байланысты біздің қаламызға шетелдік туристермен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Осыған орай, туристік агенттіктер спорт нысандарын Алматы қаласы мен облысы бойынша жүргізілетін экскурсиялық турларға қосады. Қазірдің өзінде Универсиада нысандарын аралап шығуға арналған "Спорттық Алматы" экскурсиялық туры жасалды", – деді Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова.

Айта кетейік, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында 29  қаңтар мен 8  ақпан аралығында өтеді. Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі енді: мəнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, шайбалы хоккей (ерлер, əйелдер), сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы,  керлинг, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру, фристайл. Жарысқа 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Универсиада барысында 3 мың ерікті жұмыс істемек. Оның ішіне шетелдік еріктілер де бар. 30 мың отандық жəне шетелдік турист келеді деп жоспарланған. Əлемнің 80 елінен 1 млрд адам жарыстарды телетрансляция арқылы көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу