Алматыда 19-21 сәуір аралығында KITF 2023 "Туризм және саяхат" көрмесі болады, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша бұл туризм саласындағы түрлі сарапшылар мен көшбасшылардың басын қосады. Атап айтқанда, туристік қауымдастықтар, туроператорлар, авиакомпаниялар, қонақ үйлер мен санаторийлер және трэвел-блогерлер. Көрмеге әлемнің 22 елінен 200-ден астам компания қатысады.
Көрмеде көптеген тақырып талқыға түседі:
* Қазақстандағы көшпелі туризмнің болашағы;
* Саяхаттың жаңа үрдістері;
* Туризмге жаңа IT-шешімдерді енгізу;
* Турагент мәселесі: түйткіл мен түйін;
* Таиландтағы жазғы демалыс туралы аңыз;
* Блогердің әлемге саяхаты бизнеске айналып келеді;
* Су жағасында демалу. Круиздер неліктен танымал бола бастады?
Бұған қоса, мұнда KITF Travel Fest форумы өтеді, онда сарапшылар Қазақстандағы ерекше әрі таң қалдыратын саяхаттар жайлы әңгімелейді, ал бағдарлама соңында "Путешествовать - значит развиваться" тақырыбында Travel Talks өтеді.