Алматыда түркиялық азамат жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған

316

Ол мүліктік пайда тапқан.  

Алматыда түркиялық азамат жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған Фото: 1c-prime.ru

Түркия азаматы Алматы қаласында өзіне бағынышты компаниялар арқылы жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей, 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактураларды жазып берудің заңсыз схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде ол мүліктік пайда тауып, оны заңдастыру мақсатында астанадан үй-жай сатып алып, жалға берген.

Бірінші сатыдағы сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындап, рақымшылық қолданған, алайда үй-жайды және оны жалға беруден түскен табысты міндетті түрде тәркілеу мәселесін шешпеген.

Кассациялық наразылық бойынша жоғары саты соты сот актілерін өзгертті.

Сотталғанға мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындалып, үй-жайды және оны жалға беруден түскен табысты мемлекет меншігіне айналдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу