Алматыда тұтас қару-жарақ арсеналы жасырынған орын анықталды

396

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.  

Алматыда тұтас қару-жарақ арсеналы жасырынған орын анықталды Фото: Видеодан скриншот

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған жерден тұтас арсенал табылды.

Полиция қызметкерлері газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.

Барлық тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауы тиіс.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу