Алматыда тұтынушыларға 66 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

2023 жылдың басынан Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 3 мыңнан астам өтініш келіп түсті. 

Алматыда тұтынушыларға 66 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды Фото: baigenews.kz

Жоспардан тыс тексерулер мен заңгерлік кеңес беру нәтижелері бойынша тұтынушыларға 66 775 325 теңге қайтарылды. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде Департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимұрзаев айтты.

Келіп түскен барлық өтініштердің 1087 - і қанағаттандырылды, 924 - і бойынша түсініктемелер берілді , 235-і қайта жіберілді.

"2023 жылдың алты айында келіп түскен өтініштердің негізінде Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағыты бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 59 әкімшілік хаттама жасады, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер жүргізумен 20, нәтижесінде ескерту түрінде 53 қаулы және жалпы сомасы 414 000 теңге салумен 6 айыппұл салынды", - деді Н. Бимұрзаев.

Спикер Қазақстанда 2020 жылдан бастап тұтынушылардың шағымдарын қараудың көп сатылы жүйесі (сатушы – мемлекеттік органдар – сот) жұмыс істейтінін, оның шеңберінде "мемлекеттік" және "қоғамдық" бақылау енгізілгенін, құқық қорғаушылардың тізбесі қалыптастырылғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу