Алматыда ҰБТ тәртібін бұзған 101 оқушы сынақтан шеттетілді

1034

7 оқушы 130 балдан жоғары нәтиже көрсеткен. 

Алматыда ҰБТ тәртібін бұзған 101 оқушы сынақтан шеттетілді

Бұл туралы Алматы қаласында ҰБТ өткізудің алдын ала қорытындысы туралы брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлім етті. 

"Алматы қаласында 276 мыңнан аса оқушы, 266 мектеп бар. Биыл 9300 оқушы мектеп бітірді. Өткен жылмен салыстырғанда түлектердің саны 1000 балаға артық. ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Тестілеуді 14972 адам тапсырады деп жоспарлануда. Оның  9047-сі биыл жылдың түлектері болса, 5925-сі өткен жылдар мен колледж түлектері. Биылғы жылы ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Басты ерекшелік осы жылы оқушылар алдын ала тест тапсырып көрді. Ал 21 маусым мен 26 маусым, 6 күннің ішінде бірыңғай тестті 3063 адам тапсырды. Оның 1562-і межелік балдан жоғары нәтиже көрсетсе,  100 балдан жоғары 245 адам, 120 балдан жоғары 32 адам, 130 балдан жоғары нәтижеге 7 адам қол жеткізді. 6 күннің ішінде сынақ талаптарын бұзган 101 адам ҰБТ-дан тыс қалды", – деді Қайрат Жұманов. 

Құралай Құдайберген

Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу