Алматыдағы тұрғын үй бағасының көрсеткіші 2017 жылдың II маусымында алғашқы үш аймен салыстырғанда шамамен 10 мың теңгеге арзандады, деп хабарлайды naryk.kz.
Сарапшылардың пікірінше, соңғы үш айда орташа баға шаршы метріне 340,4 мың теңге деп белгіленген. Жылдың алғашқы маусымымен салыстырғанда бұл 3 пайызға арзан.
Krisha.kz мамандарының айтуынша, биыл жылдың екінші үш айлығында баға айтарлықтай құлдыраған.
Сарапшылар соңғы бір жылда баға әр үш ай сайын тұрақты түрде 3 пайызға арзандап келе жатқанын алға тартады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу