Алматы қаласында "қызыл статусы" анықталған тағы 18 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
COVID-19 үшін ПТР-тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, әуежай, СОО, базарлар, дүкендер және т.б. нысандардың қызметтерімен пайдалануға тырысты. "Қызыл статусы" анықталған аталған тұрғындар "ASHYQ" жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.
Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс.
Сонымен қатар "ASHYQ" жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске саламыз.