Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Ипотекалық ұйым" Қазақ ипотекалық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов үй кезегінде тұрғандарға Атлеттер ауылынан жаңа пәтерлер кілттері мен сертификаттарды тапсырды, деп хабарлайды almaty.gov.kz
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларына 20 млрд. теңге, ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 33 млрд. теңге бөлінген.
Алматы әкімі 2016 жыл мен биылғы жылдың алғашқы тоқсанында қалада 4 мыңға жуық пәтер бөлінгенін, яғни 2014-2015 жылдармен салыстырғанда екі есеге артқанын, жыл аяғына дейін тағы да 4,5 мың пәтер берілетінін айтты.
"Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында алғашқы бес жыл ішінде құны 140 млрд. теңге болатын 670 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Жыл қорытындысы бойынша үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы тиесілі пәтерін алады. Бүгін біз кезекте тұрған 120 отбасыға пәтер кілттерін тапсырамыз, олардың арасында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, әскерилер бар. Бұлардың басым көпшілігі - пәтер жалдап немес туыстарының үйін паналап, пәтер кезегінде ұзақ тұрғандар. Бүгін олар өздерін нағыз пәтер иелері ретінде сезіне алады" - деді Б.Байбек.