Алматыда үй кезегіндегілер саны жыл сайын 10 пайызға артуда

934

Тұрғын үйге деген сұраныс құрылыс қарқынынан басым.

Алматыда үй кезегіндегілер саны жыл сайын 10 пайызға артуда

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қолжетімді үй салу үшін қалада бос жердің тапшы екенін айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұрғын үйге деген сұраныс құрылыс қарқынынан басым. Үй кезегіндегілер саны жыл сайын 10%-ға артып, 2400 мың адамды құрайды. Бұл мәселені әкімнің орынбасары тұрғын үйлерді облыс аумағына салу арқылы шешуді ұсынды.

"Мәселені шешудің бір жолы 2015 жылғы тәжірибе бойынша облыс аумағында тұрғын үй салу, сол кезде Алматы қаласының 900-ден астам үй кезегіндегілер Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" ТК пәтер алған болатын",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу