Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

756

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Алматыда 54,5 млрд теңге салық төлеуден жалтарған ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды 24.kz.

Күдіктілер 84 жалған коммерциялық ұйым құрып, банктердегі есепшоттарына кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындардан ақша аударып отырған. Бұл қаражатты олар қолма-қол банк кассаларынаy алып, одан белгілі бір пайыз есептеліп, заңсыз қаржы операциясына тапсырыс берген тұлғаға қайтарылатын.

Осындай қылмыстық жүйемен айналысқан топқа мүше 20 адам бас-аяғы 159 миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу