Алматыда ҰҚК департаментінің бұрынғы бастығы 6 жылға сотталды

522

Ол ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан да айырылды.

Алматыда ҰҚК департаментінің бұрынғы бастығы 6 жылға сотталды Фото: Semey News

Алматы қаласы ҰҚКД бұрынғы басшысының ісі бойынша үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК 362-б., 4-б.). 

Сот үкімімен М. ҚК-нің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу