Алматыда улы қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылды

1167

Алматыда улы қалдықтарды өңдейтін зауыт іске қосылды

Қазақстан енді қажетті 120 мың тонна антифризді шет елден импорттамайды. Алматыда улы қалдықтарды, соның ішінде көліктің майларын, антифриздерін қайта өңдеп шығаратын зауыт іске қосылды.

Отандық инженерлер арқасында, тұрмыста және көлікке қажжеті химиялық қоспаларды өзімізде өндіретін боламыз дейді компания директоры.

Қазақстанға антифриздің 65 пайызы көршілес жатқан Ресейден келсе, қалған 30-35 пайызы батыстан тасымалданады. Алайда іргелес жатқан мемлекеттің өнімі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді екен. Одан бөлек, оның құны 1 келісі үшін 350 теңгені құрайды. Отандық өнімнің 1 келісін зауыт басшылары 150 теңгеге, яғни екі есе арзан бағаға сататын боламыз дейді. Зауыттың қуаттылығы жылына 5400 тонна дайын антифриз шығарады. Егер билік тарапынан қолдау болса, мұндай зауыттар Астана, Батыс және Оңтүстік Қазақстанда ашылу жоспарланып отыр.

Еркебұлан Суанбаев, "Әлем тынысы" ЖШС директоры:

"Біз қазір осы өнім бойынша 100 пайыз импортқа тәуелдіміз. Аталған кешен бірден екі мәселені шешпек. Ол экологияны тазарту және импорт мәселесі. Қалдықты қайта өңдеп, оны жаңартып шығаратын зауыттың қосылуына 80 миллион теңге жұмсалды. Енді билік тарапынан қолдау тапсақ, шет елге жалтақтамай өзіміз іске кірісеміз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу