Алматыда Үнді мәдениетінің фестивалі ұйымдастырылды

1586

"Парампара – салт-дәстүрлер" атты фестиваль Жамбыл атындағы Қазақ  Мемлекеттік Филармониясының концерт залында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда Үнді мәдениетінің фестивалі ұйымдастырылды Фото: Үнді қауымдастығы

Қазақстандағы үнді диаспорасы - үнді мәдениетінің әртүрлі аспектілерін ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

Үнді қоғамдастығының мүшелері Қазақстанда тұрған кездерінде де, әртүрлі коммерциялық қызметпен айналысып қана қоймай, үнді мәдени дәстүрлерін сақтап келеді.

Үнді қауымдастығы - Қазақ халқын үнді мәдениетімен таныстырудың негізгі көзі. Үнді мәдениетінің серпінділігіне қызыққан көптеген қазақтар - үнді биін, музыкасын және йоганы, сонымен қатар тағамдарын, шайларын, киімдерін, туристік жерлерін, дәстүрлі медициналық жүйесін және т.б. ұнатады.

Үнді мәдениетінің дәл осы аспектілері - жергілікті қазақ қауымын Қазақстанда тұратын үнді халқымен байланыстырады. Үндістан үкіметі шетелде тұратын үнділіктерге үлкен мән береді және шетелдегі үнді қауымдастығымен байланыстарды нығайту және олардың үнділік мұрасы мен мәдениетін сақтау, қолдау және көрсету бойынша күш-жігерін қолдау үшін диаспорамен мәдени байланыстарды ілгерілету бағдарламасын іске қосты.

Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы (SVCC) осы бағытта мезгіл-мезгіл әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. SVCC және Қазақстандағы INCHAM Үнді қауымдастығы бірлесе отырып, "Парампара – салт-дәстүрлер" атты Үнді мәдениетінің фестивалін ұйымдастырды.

Іс-шара екі тараптың құрметті қонақтарының сөздерімен ресми рәсіммен басталды. Бұл шара барысында - Үнді мәдениетінің әртүрлі аспектілері- йога, мехенди өнері, тур және саяхат сияқты, Үндістанның дәстүрлі медицина жүйесі, кәдесыйлары, үнді шайы, киімдері, зергерлік бұйымдарымен қатар, Үнді қауымдастығы әртістерінің мәдени қойылымдарын, Астана қаласының "Gold Step Би академиясы" билерін және Өзбекстанның көрнекті тобы – "ХАВАС Гурухидің" үнді музыкалық концертін және т.б. тамашалады.

Шараға Алматыдағы қазақ және үнді қауымдастығы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу