Алматыда үнемі су басатын учаскелерге 2,6 шақырым жаңа су бұру коллекторы салынды

1,3 шақырым арық желісі салынды, Есентай каналы тазартылды. 

Алматыда үнемі су басатын учаскелерге 2,6 шақырым жаңа су бұру коллекторы салынды Фото: gov.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

"Үнемі су басу орындарының проблемасын шешуге тоқталсам. 2022 жылы әкімдік ТЖ желісі бойынша жиі су басатын 7 учаскені анықтады, оларды жою үшін ұзындығы 2,6 шақырым жаңа су бұру коллекторы салынды, 2 қолданыстағы коллектор тазартылды, 1,3 шақырым арық желісі салынды, Есентай каналы тазартылды", – деді Досаев.

Оның сөзінше аудан үшін абаттандыру мәселелері өзекті болып қала береді.

"2022 жылы Айнабұлақ шағын ауданында, Гүлдер саябағында жөндеу жұмыстары жүргізілді: суару жүйелері қайта жаңартылды, жаңа жарықтандыру орнатылды", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу