Алматы полициясы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 билеттерімен алыпсатарлық жасаған бес ер адамды ұстады, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алыпсатарлардың төртеуі орталық стадион алдында ұсталды. Олардан 80 билет тәркіленді.
"Халық Арена" кешені алдында тәртіп сақшылары 42 билет сатпақшы болған тағы бір ер адамды ұстады, делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұсталғандардың барлығы полиция бөліміне жеткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу