Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жылыту маусымын өткізу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтіп, онда қаланың барлық инженерлік желілері жұмысына бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.
Бекітіліген кешенді жопарға сай Универсиада-2017 обьектілері қосылған инженерлік желілердің жылуды, электрэнергиясын үздіксіз беруін және басқа да коммуналдық қызметті 200 арнайы техника бірлігі берілген құрамында 380 инженер-техник қызметкерлері бар арнайы 60 апатты-жөндеу бригадалары қамтамасыз ететін болады.
Универсиаданың әрбір нысанына бекітілген қала коммуналды қызметтерінің бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары, сонымен қатар ЭКШБ-ның басшылығы мен мамандары бөлінген күш пен түрлі қондырғылардың барынша тиімді жұмыс істеуін қадағалайды. Бұл жарыстар мен мәдени шараларды өткізу барысында инженерлік- техникалық құрамның жедел әрі тындырымды жұмыс істейін қамтамасыз етіп, коммуналдық желілерде тосын оқиғалардың болуына жол бермейді.
Универсиада-2017 нысандарын жылумен, сумен, электрэнергиясымен және басқа да коммуналдық қызметпен толық қамту ісіне тәулігіне бірнеше рет мониторинг жүргізіледі.
Жалпы, қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындары Универсиаданы өткізуге дайын. Жылумен, электр энергшиясымен, сумен қамтамасыз етудің барлық желілері қайта тексруден өтіп, оларға бақылау барынша күшейтілді. Мысалы, спорт алаңдарын энергиямен қамтамасыз ету негізгі және резервтегі электржелілерімен, сонымен қатар үздіксіз электр көздерімен жүзеге асады.
Универсиада нысандарына техника мен мамандардың айтарлықтай бөлігін шоғырландыру қала тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасына еш әсер етпейді.
Жиынға қатысушылар Алматыда 2016-2017 жылыту маусымының штатты режимде өтіп жатқанын, жылу көздерін жаңарту арқасында қаланың жылыту желілерінде апаттың 9,2% пайызға азайғанын атап өтті.