Алматыда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада алауы эстафетасының басты алауы жағылды, деп хабарлайды inform.kz.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің үздік студенті Айсұлу Ерниязова эстафета алауын Алматы әкіміне табыс етті. Алауды Ұлттық университет алаңымен алып өткен Бауыржан Байбек оны Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге табыстады. Енді Алауды веллейболшы Сәбина Алтынбекова және Дәулет Тұрлыханов пен Амалбек Тшанов сынды елімізге танымал тұлғалар қала көшелерімен алып жүреді.
Айта кетейік, ресми тасымалдаушы "Эйр Астана" компаниясы еліміздің аймақтарынан 15 алауды Алматы қаласына жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу