Алматыда Универсиада нысандарында лаңкестікке қарсы жаттығу өтіп жатыр

820

Алматыда Универсиада нысандарында лаңкестікке қарсы жаттығу өтіп жатыр

Алматыда Универсиада-2017 нысандарында "Оңтүстік-Антитеррор-2016" лаңкестікке қарсы жоспарлы жаттығу өтуде, деп хабарлайды лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап "Интерфакс-Казахстан".

"Жаттығудың мақсаты –  лаңкестік тұрғысынан қорғануды қажет ететін нысандарда лаңкестік қауіптер туындаған кезде өзара іс-қимыл машықтарын пысықтау", – деп атап өтілген таратылған ақпаратта.

Универсиада 2017 жылдың  29 қарашасы мен  8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Жарысқа 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп болжанған. Универсиада өтетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдіктер қолғабыс етеді.  Елімізден және шетелден шамамен 30 мыңдай  қонақ келеді деп күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу