Алматыда университет аумағынан адам сүйегі табылды

232

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Алматыда университет аумағынан адам сүйегі табылды Фото: t.me/almaty_my

Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылған. Аталған жағдай әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.

Алматы полиция департаменті табылған сүйекке қатысты түсініктеме берді.

"Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Алматы полициясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу