Алматыда университет аумағындағы субұрқақ жанынан жігіт өлі табылды

1765

Қайтыс болған азамат университет студенті емес.

Алматыда университет аумағындағы субұрқақ жанынан жігіт өлі табылды Фото: Бейнежазбадан

Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында адам қайтыс болды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған азамат университет студенті емес.

"2024 жылдың 19 маусымында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқақтың жанында жас жігіт қайтыс болды. Марқұм университеттің студенті емес. Жедел жәрдемнің алдын ала мәліметтері бойынша, өлімге жүректің тоқтауы әкелген. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады университеттен.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу