Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, көз жұмды

194

Алматыда биіктен құлаған студент қыз көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, көз жұмды Фото: informburo.kz

Әлеуметтік желіде 1-курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секіргені туралы ақпарат тарады. 

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек растап, қылмыстық іс қозғады.

– Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу