Алматыда университеттік аурухана ашылады

827

Алматыда университеттік аурухана ашылады

Бүгін үкіметте ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау аясында Алматы қаласында орналасқан бес республикалық ғылыми-медициналық орталық біріктірілді. Қазақ ұлттық медицина университетіне (С. Д. Асфендияров атындағы - авт.) қарайтын 1265 орындық университеттік аурухананы құру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба іске асырылды. Аталған жоба қазіргі күні Ұлттық экономика министрлігінде экономикалық сараптамалардан өту сатысында", - деді Біртанов бүгінгі үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министр Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын орындау қалай жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Оны іске асыру мақсатында өңір әкімдіктері денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативтерін іске асыру үшін кезең-кезеңмен қайта құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін инвестициялардың ұзақ мерзімді қажеттілігін көздейтін инфрақұрылымды дамытудың перспективалық жоспарлары бекітілген.

"Осы жылы өңірлік перспективалар жоспарлары негізінде жұмыс жалғасатын болады. Амбулаториялық-емханалық сектор деңгейінде бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын әзірлеу жүргізілуде. Ал стационарлық сектор деңгейінде халықаралық қаржы ұйымдарын тарту арқылы инфрақұрылымдық модельді іске асыру үшін үздік халықаралық тәжірибелерді зерделеу ұсынылады", - деді Елжан Біртанов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу