Алматыда ұрланған қару Жетісу облысынан табылды

408

Бұл туралы inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда ұрланған қару Жетісу облысынан табылды Фото: polisia.kz

Атыс қаруы сақталған тықпа орын 14 маусымда Жаркент – Көктал тасжолындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылды. Итальяндық Benelli Armi сыңар ауыз мылтық 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендерінің бірінен ұрланғаны белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жыл басынан бері облыс аумағында бұрын ұрланған 14 қару, 1200 оқ-дәрі және 4 граната табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу