Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
Қылмысты ашу бойынша жұмыстың тиімділігі артты. Қалалық ПД деректері бойынша осы жылдың алты айында қалта ұрлығы 3,8 есеге, пәтер ұрлығы 44%-ға, сондай-ақ көлік салонынан бөтеннің мүлкін ұрлау 47%-ға азайған.
Сонымен қатар жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс (-14,5%), отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар (-14,3%), бұрын сотталғандардың заңсыз әрекеттері де (-47,8%) төмендеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу