Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.
"2022 жылдың желтоқсанында Алатау ауданындағы Мәдениет ш/а 1500 орындық жаңа мектеп салу есебінен үш ауысымдағы соңғы №196 мектеп жойылды. Орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін Мемлекет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, 2030 жылға дейін бір ауысымды оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды", - деді спикер.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында мегаполисте 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарланған.
Сондай-ақ, 5570 орындық 11 нысан іске қосылады, оның ішінде:
- бюджет есебінен 1500 орындық бір мектеп (Қайрат шағын ауданы);
- 920 орындық 4 қосымша (№ 48, 148, 112, №9 ШИ);
- 3150 орындық 6 жекеменшік мектеп ашу.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу