Алматыда үш ірі сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады

1231

Келушілер шұғыл эвакуацияланды. 

Алматыда үш ірі сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Алматы және Алматы облысында орналасқан "Mart", "Aport Mall" сауда орталықтарынан келушілерді эвакуациялап жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бейнежазбада сауда орталықтарынан сырқа шығарылған келушілер көрсетілген. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сондай-ақ, әл-Фараби даңғылындағы "VILLA Boutiques & Restaurants" кешеніне бомба қойылғандығы туралы хабарламаны тексеріп жатқанын жеткізді. 
Артынша "Mart", "VILLA Boutiques & Restaurants" кешенінен жарылғыш зат табылмағаны белгілі болды.

"Жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған. Екі факт бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл ретте "Aport Mall" сауда орталығы Алматы облысының аумағында орналасқанын айта кету керек. Қарасай ауданының әкімдігі электронды пошта арқылы нысанда "жарлғыш зат қойылды" деген хабарлама келгенін растады. 

"Барлық жедел қызметтер сол жерде. Осыған байланысты біз сауда орталығының барлық келушісінен төтенше жағдайлар қызметіне орталықты тексеруге кедергі келтірмеуін және дүрбелең туғызбауын сұраймыз", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу