Алматыда үш Magnum дүкені толығымен тоналған

1716

Абай даңғылы мен Гагарин көшесінің бойындағы дүкендердің иелері нысандарды тонаушылардан өздері қорғауда.

Алматыда үш Magnum дүкені толығымен тоналған

Magnum сауда желісінің PR менеджері Дмитрий Шишкиннің хабалауынша Алматыда үш дүкен толығымен тоналған, деп жазды inbusiness.kz.

"Үш Magnum дүкені толығымен тоналды. Соның ішінде жабдықтар шығарылды. Ал екі дүкенде қауіпсіздік қызметі шабуылды тоқтата алды", – дейді сауда желісінің PR менеджері Дмитрий Шишкин.

Сонымен қатар Абай даңғылы мен Гагарин көшесінің бойындағы дүкендердің иелері нысандарды тонаушылардан өздері қорғауда. 

Желіде талан-таражға түскен Алматыдағы ЦУМ дүкенінен бейнежазбалар тарауда. Кадрларда тонаудан кейінгі сауда орталығының іші көрсетіледі. Нысанның ішінде техникалар толығымен ұрланып, сөрелер босап қалған. 

Еске сала кетсек, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ серіктестерінен көмек сұрады. Алматыда тәртіп орнату мақсатында лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарды сабырға шақырып, қоғамдық қауіпсіздікті орнатуда құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге шақырады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу