Оқиға 12 шілдеде 17:05-те Алматы қаласы, Медеу ауданы, Латифа Хамиди көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"ТЖД күштер жеті минутта оқиға орнына жетіп, үш үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, 101 диспетчерлер өрт сөндірушілерге жақын маңдағы сумен жабдықтау көздері бойынша жедел бағыт беріп, өрт автоцистерналар гидранттарға орнатылды, сондай ақ судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Нысандар электр қуаттан ажыратылып, ПД оқиға орнын қоршауды ұйымдастырды.
Өрттің тез таралуына үйлердің тез жанатын материалдардан жасалғанына қарамастан, қабылданған жедел шаралармен өрт 17-34 оқшауланып, 280 шаршы метр аумақта 17:48-де жойылды", - делінген хабарламада.
Абырой болғанда, зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 33 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің себебі нақтылануда.
ТЖД тұрғындарға төтенше өрт қаупі туралы дауылды ескерту әлі де бар екенін ескертеді.
"Жеке тұрғын үй өрттің алдын алу үшін-электр сымдарын қауіпсіз күйге келтіріңіз, олардың жарамдылығын қадағалаңыз, электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз", - делінген ақпаратта.