Алматыда 3 жаңа медициналық нысан салынып жатыр

292

Құрамыс, Шұғыла және Ақжар шағынаудандарындағы нысандар тұрғындарға медициналық қызмет қолжетімділігін арттырады.    

Алматыда 3 жаңа медициналық нысан салынып жатыр Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында жаңа медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрамыс және Шұғыла шағынаудандарында екі емхана, ал Ақжар шағынауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр.

Құрамыс шағынауданындағы емхана бір ауысымда 500 адамды қабылдауға есептелген. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қазір ғимаратта әрлеу, қасбетті жаңарту, инженерлік жүйелерді және металл конструкцияларын орнату жұмыстары атқарылуда.

Шұғыла шағынауданындағы тағы бір 500 орындық емханада монолитті жұмыстар, қабырға қалау, шатыр жабу және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары жалғасуда. Құрылыс нысанын биыл күзде аяқтау көзделген.

Ал Ақжар шағынауданында 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда. Сонымен қатар №7 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны 2027 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу