Алматыда үш жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынды

398

Көпірлердің жалпы ұзындығы шамамен 1000 метр. 

Алматыда үш жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Түрксіб ауданының Байрон, Тбилисская және Баймағамбетов көшелерінде жаяу жүргіншілер аймақтарының құрылысы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Үш учаскені тұрғындар бұрын абаттандырылмаған жолдар ретінде пайдаланған.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер жолдары салынды, көше жарықтандыру желілері, баспалдақтар орнатылды, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай қарастырылды.

Әкімдікте "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл Түрксіб ауданы үшін 78 жобаны жүзеге асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде аулаларды жарықтандыруды, ойын алаңдарын салуды, тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнатуды және жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді қоса алғанда 61 нысан аяқталды. Жыл соңына дейін балалар алаңдарын салуды, жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді және жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыруды қосқанда тағы 17 жобаны аяқтау жоспарға енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу