Алматыда үш жасар бала 13-қабаттың терезесінен құлап кетті. Салдарынан нәресте алған жарақатынан тіл тартпай кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға 27 шілде күні "Арай" тұрғын үй кешенінде болды.
"Осы факті бойынша Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Трагедияның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу