Алматы қаласының полиция департаменті аталған қылмысқа қатысты түсініктеме берді.
"2002 жылы туған Қ. атты бойжеткеннің арызы ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген", – деп жазылған хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта Қазақстанның қылмыстық кодекстің 24-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Осы кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексі 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденіп, белгіленгенге дейін күдіктілер кінәсіз деп есептеледі", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.