Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің аты-жөндері жарияланды

940

АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді. 

Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің аты-жөндері жарияланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілерінің аты-жөндерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілері: авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаевтың; авиация бөлімінің ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратовтың; авиация бөлімінің ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаевтың; авиация бөлімінің ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған сержант Васильков Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады",– деп жазылған хабарламада.

"АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді. Олар өмірінің соңына дейін әскери  антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз", деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске салар болсақ, 13 наурыз сағат 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан - Алматы бағыты бойынша АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 4 адам қайтыс болып, 2 адам ауыр жарақат алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу