Алматыда қалың тұманға байланысты бірден 9 рейс ұшу уақыты кейінге шегерілді. Олардың ішінде ішкі және халықаралық рейстер бар. Бұл туралы Алматы әуежайының онлайн таблосында жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.
Нақтырақ айтқанда, Алматыдан бүгін Үшарал, Дели, Шарм-эль-Шейх, Өскемен, Қостанай, Дубай, Душанбе, Астана және Семей қалаларына ұшатын бағыттардың уақыты ауысты. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына Дубай, Шымкент және Бішкекке қатынайтын үш рейсті ұшу кестесінен алып тастауға тура келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу